Соколкин Эрнест Дмитриевич
(1936-2021)
Тарихшы, өлкетанушы, Павлодар қаласының құрметті тұрғыны, Қазақстанның құрметті мәдениет қайраткері. 12 қаңтар 1936 жылы Ресей Федерациясы Псков облысының Себеж қаласында туған. 1955-1958 жылдары әскер қатарында қызмет етті. Әскерден кейін Павлодар қаласына келді. 1959-1967 жылдары Павлодар қалалық радиоторабында электромеханик және кезекші болып жұмыс істеген. 1967 жылы Томск мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін сырттай бітіріп, тарих мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1967 жылдан бастап облыстық Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайында алғашқы кезде аға қызметкер, кейін мұражай директоры қызметтерін атқарды. 1968 жылдан бас қор сақтау қызметкері, 1990-1994 жж. директордың ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, ал 1994-2002 жж. – мұражай қорының бас қызметкері болды. 2002 жылдан мұражай қоры бөлімінің бас маманы.
Э.Д. Соколкин 40 жылдан астам Павлодар Ертіс өңірінің тарихын зерттеумен шұғылдануда. Ол көптеген мәліметтер мен деректерді жинақтады. ТМД елдері мұрағаттары мен кітапханаларында іздеу жүргізуінің арқасында мұражай қорында болмаған көптеген мәліметтер пайдалануға енді. Ол өлкетану құжаттарын жинап сақтады, аймақ туралы білімдерді белсенді насихаттаумен айналысты.
Зейнеткерлікке шыққаннан соң ол белсенді түрде «Павлодар география үйі» қоғамдық ұйымымен бірлесіп жұмыс жасауда. 2016 жылда Г.Н Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде автор-құрастырушы Э.Д. Соколкиннің облысымыз туралы алғашқы географиялық хрестоматиясының тұсаукесері өтті.
Ол жергілікті мерзімді басылымдар беттерінде және Омбы, Семей, Тула, Алматы мен Мәскеуде, «Нива», «Советский музей» журналдарында, «Земля и люди» жинақтарында жарық көрген тарих бойынша көптеген мақалалар, очерктердің авторы. Э.Д. Соколкин - Павлодар қ. (1979 ж., 1987 ж.), облыс картасы (1984 ж.), Баянауыл аймағы (1976 ж.) туристік карта-сызбалары мәтіндерінің авторы. «Знакомьтесь, Павлодар» (1980 ж.) және «Павлодар» (1982 ж.) жолсілтемелерінің авторы. «География Павлодарской области» (1996 ж.) оқулығының авторласы, «Почетные граждане Павлодара» (2003 ж.) кітабының авторлас құрастырушысы. «Қаламыздың көшелері=Улицы нашего города» (2007 ж.), Павлодар қаласының ескерткіштері туралы - «В памяти поколений» (2014 ж.), Павлодар облысының мәдени өмірі туралы - «Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты» (2016 ж.) кітаптарының авторы.
Э. Д. Соколкин өлкетану мақалалары үшін облыстық Журналистер одағының сыйлығымен марапатталды. Журналисттерге арналған облыстық П.З. Ермаков сыйлығының (1982 ж.), Павлодар қ. әкімі сыйлығының (1996 ж.) лауреаты. 2001 жылы ҚР Мәдениет министірлігінің «Мәдениет кайраткері» (ҚР мәдениеті құрметті қызметкері) Белгісімен марапатталған. Павлодар қаласының құрметті тұрғыны (2012 ж.) Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Байланыс, ІІБ, білім салаларында және оқушылар сарайының мұражайларын ұйымдастыруға, сонымен қатар В. Иванов, Д. Багаев, С.Торайғыров және т.б. мемориалды тақталарды орнату мен ашуға дайындыққа қатысты. Мәдениет ескерткіштері бойынша ономастикалық комиссияның мүшесі болып табылады.
Әдебиет
Знакомьтесь, Павлодар; авт. текста Э.Д. Соколкин. - М.: Турист, 1980. - 15 с.
Соколкин, Э. Д. Павлодар: историко-информационный путеводитель. - Алма-Ата: Казахстан, 1982. - 96 с.
Тереник, М. Почетные граждане г. Павлодара / М. С. Тереник, Э. Д. Соколкин. - Павлодар: Дом печати, 2003. - 79 с.
Ақсудың ақ жолы=Светлый путь Аксу / Э. Д. Соколкин, В. М. Хохлова, Г. Н.
Акшолакова ж. б.; фото В. Панасюка, Ж. Сейтенова. - Амина, 2006.- 253 б.- (45 жыл: 1961-
2006).
Соколкин, Э. Д. Қаламыздың көшелері = Улицы нашего города. - Павлодар, 2007. - 416 с.
Соколкин, Э. Д. В памяти поколений: памятники истории, монументального искусства, архитектуры, памятные места и мемориальные доски Павлодара. - Павлодар: Типография Сытина, 2014. - 264 с.: ил.
Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / авт.-сост. Э. Д. Соколкин. - Павлодар: И. П. Сытина, 2016. - 708 с.
Хрестоматия по географии Павлодарской области / сост. Э. Д. Соколкин. - Павлодар, 2016. - 400 с.
***
Соколкин Эрнест Дмитриевич // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 660 б.
***
Мүсәйіп, Қ. "Ертіс өңірінің шежірешісі": [С. Торайғыров атындағы облыстық
кітапханада өңірімізге танымал өлкетанушы Э. Соколкиннің 80 жылдығына арналған мерекелік кеш өткізді] / Қ. Мүсәйіп // Сарыарқа самалы. - 2016. - 16 қаңтар. - 12 б.