Асқаров Ханафия Асқарұлы 

(1917-2017)

Асқаров Ханафия Асқарұлы - өлкетанушы, шежіреші, ардагер ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ертіс ауданының Құрметті азаматы, Жазушылар одағының мүшесі. 1917 жылы 24 сәуірде Ертіс ауданы Ертіс ауылында дүниеге келген. 1933 жылы ата-анасы қайтыс болғаннан кейін балалар үйінде тәрбиеленді. 1934 жылы жастар комсомол мектебін бітірді. 1936 жылы Алматы қаласындағы мұғалімдердің 2 жылдық курсын тәмамдады. 1938 жылы Алматы мұғалімдер институтын бітірді. 1938 жылы Талдықорған облысы Алакөл ауылында мұғалім. 1938 жылы әскер қатарына шақырылып, 1939 жылы Фин соғысына қатысты. Ауыр жарақаттан кейін еліне оралды. 1940 жылы Ертіс қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. 1941-1944 жылдары Ертіс қазақ он жылдық мектебінің директоры болды. 1944 жылдың қазан айында майданға шақырылып, Жапониямен соғысқа қатысқан. Отан соғысы орденімен, "Германияны жеңгені үшін", "Ерлігі үшін"медальдарымен марапатталған.

Соғыстан оралғаннан кейін, ұстаздық қызметін жалғастыруға шешім қабылдады, Семей педагогикалық институтын ойдағыдай бітіріп шығады. Өзінің 41 жылдық педагогикалық өтілі кезінде мұғалім, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болды.

1977 жылы зейнетке шыққаннан кейін ол журналистикада өзін сынап көруді шешті. Республикалық "Егемен Қазақстан", "Түркістан", "Дауа", облыстық "Руханият", "Сарыарқа самалы"газеттерінің беттерінде оның мақалалары жарияланды.

Мекке-Мединаға қажылық жасады.
«II дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі» белгісі. Аудандық облыстық білім басқармаларының Құрмет Грамоталарының иегері.

Әдебиеттер

Асқаров, Х. Есімі ел есінде: (Ертіс-Баян өңірінде алғашқылардың бірі болып ағартушылық салада аянбай еңбек етіп, ғылым мен білімге сүбелі үлес қосқан ардақты азаматтың бірі - Жармұхамет Тіленшин туралы) // Сарыарқа самалы. - 2018. - 24 қараша. - 9 б.
Асқаров, Х. Әйгілі ғұлама Тәңірберген: [Діни ғұлама Тәңірберген молда жайлы] // Сарыарқа самалы. - 2004. - 10 қаңтар. - 5 б.
Асқаров, Х. Ұлы Ертістің қамын ойлаған азамат: ["Ұлы Ертіс" ассоциациясының президенті, инженер-мелиоратор Жанайдар Рамазанов туралы] // Сарыарқа самалы. - 2003. - 15 наурыз. - 6 б.
Асқаров, Х. Шаруа мектебі - алғашқы оқу орны // Сарыарқа самалы. - 2001. - 28 қыркүйек. - 2 б.

***

Әміренов, Ф. Қазыналы қария: [ардагер ұстаз, өлкетанушы, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист Ханафия Асқаров 95 жасқа толды] / Ф. Әміренов // Сарыарқа самалы. - 2012. - 3 мамыр. - 3 б.
Әлімбай, М. Қарт шежіреші Ханафия: [ардагер ұстаз, өлкетанушы, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист Ханафия Асқаровтың 100 жасқа толуына арналған өлең] / М. Әлімбай // Сарыарқа самалы. - 2017. - 6 мамыр. - 3 б.
Адамов, А. Ғасыр жасаған жауынгер: [ардагер ұстаз, өлкетанушы, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист Ханафия Асқаров 100 жасқа толды] / А. Адамов // Сарыарқа самалы. - 2017. - 6 мамыр. - 3 б.
Ибадуллин, Т. Ғасыр жасаған шежіреші: [ардагер ұстаз, өлкетанушы, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист Ханафия Асқаров 100 жасқа толды] / Т. Ибадуллин // Сарыарқа самалы. - 2017. - 6 мамыр. - 3 б.
Әйтенов, С. Тіл майданының күрескері еді: [ардагер ұстаз, өлкетанушы, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист Ханафия Асқаров жайлы] / С. Әйтенов // Сарыарқа самалы. - 2017. - 25 қараша. - 7 б.
Мақұл, У. Ұлтты сүйді: [ардагер ұстаз, өлкетанушы, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист Ханафия Асқаров жайлы] / У. Мақұл // Сарыарқа самалы. - 2017.- 25 қараша. - 7 б.
Қайыров, Е. "Абайды дүниеге айырбастамаймын": [өлкетанушы, ақын, журналист, ұстаз, тіл жанашыры Ханафия Асқарұлы жайлы] / Е. Қайыров // Сарыарқа самалы. - 2018. - 13 қазан. - 9 б.
Молдайып, С. Ғасыр - ғұмыр: [ардагер ұстаз, өлкетанушы, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист Ханафия Асқаров жайлы] / С. Молдайып // Saryarqa samaly. - 2019. - 2 мамыр. - 12 б.
Молдайып, С. Таным мен таразы: [ардагер ұстаз, өлкетанушы, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист Ханафия Асқаров жайлы] / С. Молдайып // Saryarqa samaly. - 2019. - 9 мамыр. - 24 б.
Молдайып, С. Қос майдангер: [Ертіс ауданының тумалары, Ұлы Отан соғысына қатысқан Кәбіш Баязитов пен Ханафия Асқарұлы жайлы] / С. Молдайып // Saryarqa samaly. - 2020. - 14 мамыр. - 17 б.
Мархаба, Т. Майдангер. Ұстаз. Қаламгер: [Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өңірімізге белгілі ұстаз әрі өлкетанушы, үш соғыстың куәгері болған Ханафия Асқаровты еске алу кеші өтті] / Т. Мархаба // SARYARQA SAMALY. - 2021. - 10 сәуір. - 12 б.
Мақұл Ульян. Өнегелі ғұмыр белесі: [Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өңірімізге белгілі ұстаз әрі өлкетанушы, үш соғыстың куәгері болған Ханафия Асқаров жайлы] / У. Мақұл // SARYARQA SAMALY. - 2021. - 22 сәуір. - 15 б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.