Музалевский Сергей Алексеевич
(1928-2000)
С.А.Музалевскийдің (1928-2000) есімі павлодарлықтардың аға буынына жақсы таныс. Ол журналист, ақын, археолог, суретші болған.
Жас романтик ретінде Сергей Алексеевич 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, тағдырына кесірін тигізген әскери қиын-қыстау кезеңнің барлық ауыртпалығын басынан өткеріп, Павлодарға келеді.
Он төрт жасында ол Талғарда майданға солдат киімін тіктіретін тігін артелінің басшысы болған. Отбасын асырау үшін омарташы, тракторшы, сырлаушы, тау шахтасында, ағаш өңдеуші және басқа да жұмыстарды атқаруға тура келді. 1944 жылы Сергей Алексеевич майданға қосымша күш дайындайтын таулы атқыштар училищесіне оқуға алынды. Ол кезде 16 жаста болатын. Мектеп Горельник шатқалында орналасқан. Олар ең мықты, дені сау, тәжірибелі, дәл атуға қабілетті, альпинистік өнері бар жігіттерді қабылдады.
Соғыс аяқталғаннан кейін мектеп таратылды, ол үйге оралды, бірақ әкесі майданнан жаралы оралған соң жұмыс істей алмайтындықтан, үйдің асыраушысы өзі болды. 1947 жылы ғана Сергей оқуын жалғастыра алды. Мамандық алу үшін ауылдық электромеханиктердің бір жылдық мектебіне оқуға түсіп, кешкі мектепте оқыды, бірақ әдебиетке құмар болды. Ол алдымен университетке тыңдаушы бола жүріп, түнгі аусымда отыншы болып жұмыс істеді. Ол үшін студент атану үлкен қуаныш болды. Осынау шиеленісті, бірақ бақытты кезеңде оның қасында алғашқы махаббаты, жары Зоя Романовна болды. Міне, енді Павлодар...
1955 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіргеннен кейін Павлодар қаласына келіп, биыл 105 жылдығын атап өтетін облыстық «Павлодарская правда» (қазіргі «Звезда Прииртышья») газетінде журналистік қызметін бастады. Газеттің қалыптасуына, танымал болуына журналист С.А.Музалевскийдің қосқан үлесі зор.
Сергей Алексеевич Музалевский қаланың мәдени өміріне белсене араласып, өлкетануға қызығушылық танытып, поэзиялық және прозалық шығармалар жазды, әуесқой суретшілердің көрмелерін ұйымдастырды, кейіннен өз суреттерін көрмеге қойды. Кәсіби суретшілерден сурет салу шеберлігінің құпиясын үйренді. В.Мартынцев пен П.Величко өмірлік дос болды.
60-70-жылдары С.А.Музалевский өзінің сурет көрмелерін өткізген. Оның туындылары көптеген мекемелердің интерьері мен павлодарлықтардың жеке коллекцияларын безендірді.
Ол А.Шиллер жетекшілік ететін халық хорына мәтін жазды. Бұл әндер тек Павлодар жерінде ғана емес, трактор зауытының халық хоры барған жердің бәрінде шырқалды. Өлеңдеріне В. Ботов, М. Пулга, В. Ширинкин музыка жазған. Бұл әндер 60-70-жылдары танымал болды, оларды А. Шиллер хоры әлі күнге дейін орындайды.
Сергей Алексеевич 60-шы жылдарды өмірінің ең жарқын кезеңі ретінде санады. Ол кезде павлодарлық ақындармен өтетін кездесу кешіне келуші халықтың залға сыймай қалатын кездері көп болатын. Осы жылдары А.П.Чехов театрының ең гүлденген шағы, бұнда поэтикалық кештер өтетін деп еске алатын.
Сергей Алексеевич археологияға Талғарда жүргенде-ақ қызығушылық танытты. Онда ол ортағасырлық қоныстың қазбаларына қатысты және археологиялық барлауларға Павлодар жеріне келген соңда айналысты. 1956 жылдан бастап алдымен өз бетінше, кейін бір топ энтузиастармен бірге археологиялық орындарды зерттеді. 1960 жылы ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу археологиялық экспедициясында, олар Павлодар даласындағы зерттелмеген ескерткіштерді: палеолит және неолит орындары, көне қорғандар, кен қазбалары, балқыту зауыттары, мелиоративтік жүйелерді ашты.
Тарихи өлкетану мұражайында осы экспедициялар кезінде жиналған тас дәуірінің көптеген құралдары мен басқа да экспонаттар бар. С. А. Музалевский Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми кеңесінің мүшесі, Облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының мүшесі болды.
П.Василевтің мұражай-үйінде сақталған С.Музалевскийдің мұрағатында жолсеріктерге арналған Баянауыл маршруты сызылған нұсқаулық бар. Тақырыптары ерекше: «Ғасырлар қойнауына саяхат», «Құпия тұрақтар», «Драверт гротасы», «Жасыбай моласы», «Әулиетас үңгірі», «Сабындыкөлдің археологиялық ескерткіштері» және т.б.
Павел Васильевтің шығармашылығын алғаш зерттегендердің бірі болған. 1956 жылы Павлодар қаласының әдеби бірлестігін басқарып, бірлестікке Павел Васильев есімінің берілуіне қол жеткізеді. Жыл сайын Васильев оқуларын ұйымдастырып отырған. Әдеби бірлестікті басқара отырып, жас ақындардың өніп келе жатқан талантын қолдап отырған. Оның тырысуымен Павел Васильев атындағы мұражай-үй ашылды. Мұражайдың мемориалдық тақтасында мына жолдар қағып жазылған: «Ақын Павел Васильевтің есімін павлодарлықтарға С. А. Музалевский ашқан. 1928-2000 жж.»
Оның көзі тірісінде досы Виктор Семерьяновтың редакциялауымен «Любовь и тревога» атты шағын ғана өлеңдер жинағы жарық көрді.
С. Музалевскийдің «Я жадно жёг костер души...» атты жинағы ақын қайтыс болғаннан кейін 2004 жылы П.Васильев мұражай-үйі баспасынан басылып шыққан және әр жылдардағы таңдамалы шығармалары – өлеңдері топтастырылған. Бұл өлеңдерде оған қымбат адамдар, оның достары - Н. Шафер, В. Семерьянов, Р. Лефлер, Л. Кольцов, сондай-ақ оның туыстары бар. Өлеңдерінде өмір шындығын, тағдырын одан іздеген жанның ең сырлы ойлары, сезімдері, басынан кешкендері мол. Кітапқа С. А. Музалевскийдің әр түрлі дереккөздерден, оның ішінде қайтыс болар алдында П. Васильев музей-үйінің архивіне өткізген материалдар кірген.
Сергей Алексеевичтің туындылары көп емес. Оларған павлодар тарихы, археологиясы, географиясы сюжеті бойынша жартылай фантастикалық әңгімелер цикліне кіретін «Степные сфинксы»; «Несостоявшаяся биография» өмірбаяндық повестінің нобайы; очерк жанрында құрылған, 1977 жылдан бастап жаза бастаған «Кольцо Нагимы» повесі; күнделік жазбалары; поэзиясы; жетекші васильевтанушы ғалымдармен, атақты жазушылармен хат алмасуы кіреді. Мұның бәрі П. Васильевтің мұражай-үйінде сақтаулы.
С. А. Музалевский өзінің таланты мен өмірін өңірдің поэзисына, археологиясына, журналстикасына, мәдениетіне арнау арқылы жарқын із қалдырып, Павлодар облысының тарихына енді.
Әдебиет
Музалевский, С. А. Любовь и тревога: стихи / С. А. Музалевский; ред. В. Г. Семерьянов. - Павлодар, 1997. - 66 с.
Музалевский, С. А. Я жадно жег костер души…: избранное / С. А. Музалевский; сост. Л. Кашина, З. Мерц, Т. Окольничья. - Павлодар, 2004. - 275 с.
Нуркенова, С. Ф. Павлодар литературный: хрестоматия для уч-ся школ, колледжей, вузов. Вып. 2 / С. Ф. Нуркенова, Л. Е. Токатова; под ред. канд. филол. наук, проф. Н. Г. Шафера. -2-е изд.. - Павлодар, 2009. - 139 с.
***
Музалевский Сергей Алексеевич // Павлодарское Прииртышье, Энциклопедия. – Алматы: «Эверо», 2003. – 413 с.
***
Музалевский, С. Душа моя - вольная птица: [стихи] / С. Музалевский // Простор.- 2006. - № 2. - С. 72 - 76.- ISSN 0131-5587.
Музалевский, С. Покушение из прошлого : [из истории одного музейного экспоната] / С. Музалевский // Звезда Прииртышья. - 1999. - 9 янв. - С. 6.
Музалевский, С. Зимние этюды : стихи / С. Музалевский // Звезда Прииртышья. - 1999. - 4 марта. - С. 5.
Музалевский, С. Песни Сары-Арки / С. Музалевский // Простор. - 2010. - №4. - С. 78 - 79.
Музалевский, С. «Я не успел землей налюбоваться…»: [стихи] / С. Музалевский // Найзатас. - 2013. - № 1. - С. 163 - 173.
***
Памяти Сергея Музалевского: [не стало С. А. Музалевского - поэта, журналиста, краеведа, основателя и первого председателя литобъединения им. П. Васильева] // Звезда Прииртышья. - 2000. - 18 апр. - С. 3.
Петер, Т. Памяти поэта, памяти друга: [памяти поэта С. Музалевского] / Т. Петер // Звезда Прииртышья. - 2000. - 27 мая. - С. 8.
Окольничья, Т. "Я жадно жег костер моей души!": [о павлодарском поэте и археологе С. А. Музалевском] / Т. Окольничья // Звезда Прииртышья. - 2001. - 17 апр. - С. 8.
Кашина, Л. С. "Люблю эту трудную жизнь безоглядно": [С. А. Музалевский] / Л. С. Кашина // Звезда Прииртышья. - 2003. - 17 мая. - С. 8.
Бакытова, А. "Костер души!" поэта: [о павлодарском поэте и археологе С. А. Музалевском] / А. Бакытова // Звезда Прииртышья. - 2004. - 5 июня. - С. 8.
Окольничья, Т. С именем любимого поэта..: [павлодарскому литобъединению - 50 лет] / Т. Окольничья // Звезда Прииртышья. - 2005. - 26 июля. - С. 5; 30 июля. - С. 5.
Кашина, Л. С. Он любил эту трудную жизнь..: [о поэте Сергее Музалевском] / Л. С. Кашина // Простор. - 2006. - № 2. - С. 77 - 78. - ISSN 0131-5587.
Кашина, Л. С. "И улетело сердце нежной чайкой": [о поэте С. Музалевском] / Л. С. Кашина // Звезда Прииртышья. - 2008. - 3 апр. - С. 5.
Шафер, Н. Г. Надо выдержать: [воспоминания Н. Шафера о переписке с С. Музалевским] / Н. Г. Шафер // Звезда Прииртышья. - 2008. - 12 июня. - С. 15.
Крицкая, О. С. Музалевский: "Давайте с любопытством жить!.: [о С. Музалевском] / О. Крицкая // Регион.kz. - 2008. - 26 дек. (№ 51 - 52). - С. 10.
Шафер, Н. Г. История моих псевдонимов (Повесть о Сергее Музалевском) / Н. Г.
Шафер // Простор. - 2008. - № 12. - С. 125 - 153. - ISSN 0131-5587.
Окольничья, Т. Вы взлетали в высь над вечностью..: [вечер-памяти, посвященный писателям и поэтам членам литобъединения им. П. Васильева] / Т. Окольничья // Звезда Прииртышья. - 2009. - 2 июня. - С. 5.
Григорьева, О. Это уже легенда: [о павлодарском поэте. журналисте. Археологе Сергее Алексеевиче Музалевском] / О. Григорьева // Звезда Прииртышья. - 2011. - 19 мая. - С. 8.
Кубик, Н. "...Все равно жизнь люблю я отчаянно!": [О павлодарском писателе, поэте и краеведе С. Музалевском] / Н. Кубик // Звезда Прииртышья. - 2011. - 8 сент. - С. 8.
Пролыгин, А. История строф и рифм: [литературному объединению им. П. Васильева исполнилось 55 лет] / А. Пролыгин // Звезда Прииртышья. - 2012. - 18 февраля. - С. 6.
Машрапов, Биктуар. Город поэтов и художников: ["Павлодар в моей судьбе" - павлодарцы о своем городе] / Б. Машрапов // Звезда Прииртышья. - 2016. - 11 февр. - С. 14.
Игнатовская, Е. Музалевского читают и сегодня: [творческий вечер, посвященный памяти С. Музалевского, поэта, археолога, художника прошел в Павлодаре] / Е. Игнатовская // Звезда Прииртышья. - 2016. - 19 мая. - С. 8.
Кубик, Надежда. "...Все равно жизнь люблю я отчаянно!": [Памяти С. Музалевского, поэта, археолога, художника] / Н. Кубик // Звезда Прииртышья. - 2022. - 26 марта. - С. 9.
Литературная гостиная : [«Звезда Прииртышья» вместе с литобъединением им. П. Васильева начинает проект "Литературная гостиная"] // Звезда Прииртышья. - 2023. - 2 февр. - С. 20.