Мерц Виктор Карлович
Мерц Виктор Карлович - археолог, тарихшы, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты. 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. 1984-1988 жылдары Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайында кіші ғылыми қызметкер, 1988-1992 жылдары тарих және өлкетану мұражайының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 1992-1998 жылдары Облыстық мәдениет басқармасында тарихи-мәдени мұраны қорғау және қалпына келтіру мемлекеттік инспекциясының жетекші маманы. 1998-2000 жылдары Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры болды.
2001 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, археологиялық экспедициялардың басшысы. Екібастұз, Лебяжі және Шарбақты аудандарында палеолит және неолиттік тұрақтарының, сондай-ақ, қола дәуірінің зираттарын және қоныстарды зерттеген. 80-ге жуық ғылыми жарияланымдардың авторы.
Әдебиет
Мерц Виктор Карлович// Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 492 - 493 б.
Қасым, А. Ертіс жағасынан табылған ескі шаһар: Жетіжар қонысы мемлекет қамқорлығына алына ма? / А. Қасым // Egemen Qazaqstan. - 2019. - 15 сәуір. - 8 б.