Приймак Дмитрий Петрович
(1912-2002)
Приймак Дмитрий Петрович - жазушы, ақын, өлкетанушы, ҚР журналист одағының мүшесі (1963). Ұлы Отан соғысының ардагері. 1912 жылдың 8 қараша күні Павлодар облысы Коноваловка ауылында туған.
Жеті жылдық мектептен кейін (1930) Дмитрий Приймак 1935 жылы Алматы ауыл шаруашылығының институтың бітірді. Оқуды бітіргеннен кейін Талдықорған облысында агроном болып жұмыс істеді. Мұнда оның алғашқы басылымдары жергілікті баспасөзде пайда болды: мақалалар мен өлеңдер. Осы жерден майданға шақырылды. Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол батальонның радио операторы қызметін атқарды, ауыр рацияны арқасымен сүйреп жүрді. Содан кейін оның кәсібі туралы білгеннен кейін командирлер қамсыздандыру батальонына орналыстырды.
Соғыстан кейін Дмитрий Приймак Павлодар облысына жіберілді. Ол "Павлодар", "Қарасұқ" ауылдарында, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында агроном болып жұмыс істеді. Өлкетанумен айналысты 1965-72 жылдары облыстық өлкетану мұражайында жұмыс істеді. Сонымен бірге ол Ертіс өңіріндегі тарихын зерттеді - бұл туралы оның «Пламя над Иртышом» атты очерктік қолжазбасы баяндайды.
Дмитрий Приймак 1946 әдебиет үйірмесіннің мүшесі, П. Васильев атындағы әдебиет қоғамында, ал 1963 жылы ол КСРО Журналистер одағына қабылданды. 1952 жылы оның "Сережкин мир" (ұлының атымен) атты алғашқы кітабы жарық көрді. Содан кейін оның «Скалы и легенды Баянаула» (1974) және «Баянаул заповедный» (1982) жинақтары жарық көрді.1981 жылы Ермаков ат. Премиясын журналисттік жұмыс атқарған үшін алды.
Приймак ақындар өлеңдерін өзбекше, украин, қазақшаға аударды. Махамбет, Жаяу Мұса, Жаманбалинов, Мәуленов, Әбілев, Әлімбаевтың шығармаларын аударған. 1997 қазақ ақындарының жинақтары аударма түрінде шықты. «Иртышские напевы», «Вечная песня - любовь», «Моя душа» ақындық жинақтары шықты.
Павлодарлық композиторлардың Дмитрий Примактың сөзіне көптеген әндер жазылған. Дмитрий Приймак өзінің туған жері Павлодар Ертіс өңірін және көптеген жерлерді аралап шықты. Ол қай жерде болса да, газеттер, радио, теледидар арқылы өз әсерлері мен бақылауларымен адамдармен бөлісті.
Дмитрий Петрович өзінің «Моя душа» (2001) атты соңғы кітабының тұсаукесерін көрмеді. "Бастан өткергеннің бәрі менің жанымнан өтті.
Әдебиет
Приймак Дмитрий Петрович // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Павлодар, 2013. - С. 612.
Приймак Дмитрий Петрович // Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. - Павлодар, 2003. - С. 499.
Приймак Дмитрий Петрович // Павлодар. Энциклопедия. - Павлодар, 2008. - С. 323.
Приймак Дмитрий Петрович // Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / авт.-сост. Э. Д. Соколкин. - Павлодар, 2016. - С. 476.