Болтина Вера Дмитриевна

Өлкетанушы, тарихшы, ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1985). Мұрағат ісінің үздігі (1988). 1947 жылы 13 тамызда Орынбор облысы Орск қаласында туған. 

1972 жылы Москва мемлекеттік тарихи – мұрағат институтын бітірген. Мұрағат жүйесінде 60-шы жылдардың ортасынан бастап жұмыс істейді. 1973 жылы Павлодар мемлекеттік мұрағатының директоры, 1976 жылы облыстық мұрағат басқармасының жетекшісі.  2000 жылдан Павлодар облысы Архивтер Департаментінің бастығы.

«1919-1990 жж. Павлодар өлкесіндегі орыс Православиелік шіркеу тарихынан» (1999), «1919-1999 жж. Павлодар өлкесіндегі ислам тарихынан» (2001), «1892-2002 жж. құжаттардағы Павлодар өлкесінің денсаулық сақтау саласы» (2002), «Книга скорби. Растрельные списки» (1999) және «Забвению не подлежит» (1997) кітаптар авторларының бірі.

В. Болтина «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары» көрсеткішінің жауапты редакторы және құрастырушысы (1991), Мұрағаттану, құжаттану және Павлодар өлкесінің тарихы туралы мақалалардың авторы.

Орыс Православиялық шіркеуінің орденімен (1999), медальдармен  марапатталған.

Кітаптар

Әдебиет

Азалы кітап: атылғандардың тізімдері / Павлодар облысының мұрағаттар басқармасы; құраст.:  В. Д. Болтина, Л. В. Шевелева. - Павлодар: ЭКО, 1999. - 222 б.

Ертістің Павлодар өңіріндегі исламның тарихынан 1919-1999: құжаттар жинағы / құраст.:  В. Д. Болтина, Л. В. Шевелева. - Павлодар, 2001. - 492 б.

Павлодар облысының хронографы 1938-2008 / құраст.:  В. Д. Болтина. - Павлодар: ЭКО, 2008. - 544 б.

***

Болтина, В. Алғашқы қадамдар: [Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңынды]  / В. Болтина // Сарыарқа самалы. - 2007. - 29 мамыр. - 5 б.

Болтина, В. Беделді басшы еді: [партиялық қайраткер Ә. Ибраев] / В. Болтина // Сарыарқа самалы. - 2007. - 29 қараша. - 6 б.

Болтина, В. Қабыштың қайғылы тағдыры: [қоғам қайраткері, ақын Қ. Бердалин] / В. Болтина // Сарыарқа самалы. - 2007. - 25 желтоқсан. - 4 б.

Болтина, В. Майданда да, тылда да жұдырықтай жұмылып..: [Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңында. Павлодар облысы Ұлы Отан соғыс жылдарында] / В. Болтина // Сарыарқа самалы. - 2007. - 5 шілде. - 9 б.

Болтина, В. Өнеркәсіптің  қарқынды  өсуі: [Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңында] / В. Болтина // Сарыарқа самалы. - 2007. - 13 қараша. - 16 б.

Болтина, В. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Павлодар облысы: [Павлодар облысының  70 жылдығы қарсаңында] / В. Болтина // Сарыарқа самалы. - 2007. - 21 тамыз.

Болтина, В. Тың және ұлтаралық келісім: [Павлодар облысының  70 жылдығы қарсаңында] / В. Болтина // Сарыарқа самалы. - 2007. - 27 қыркүйек. - 17 б.

***

Болтина Вера Дмитриевна // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 253 б.

Қожимов, М. Мұрағатшылар: [биыл Қазақ КСР-не еңбегі сіңген Мәдениет        қайраткері, КСРО-ның мұрағат істерінің үздігі В. Болтина және тарихшы-мұрағатшы, КСРО-ның мұрағат істерінің үздігі Л. Шевелеваның ғылыми-шығармашылық жұмысына 40 жыл] / М. Қожимов // Сарыарқа самалы. - 2016. - 31 наурыз. - 16 б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.