Шевченко Сергей Павлович

(1927-2001)

Шевченко Сергей Павлович  (21.10.1927 ж., Солтүстік Қазақстан облысы Борки ауылы - 19.06.2001ж., Павлодар қаласы) - жазушы, тілші, өлкетанушы.

1948 жылы Петропавл қаласы мұғалімдер институтының филология факультетін аяқтаған. 1949-50 жж. жеті жылдық мектептің директоры болып жұмыс істеген. 1951 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан ОблХББ инспекторы, Омбы педагогикалық институтының оқытушысы, проректоры болған.

1965 жылы теледидар студиясын ашу үшін Павлодар қаласына жіберіледі. Студияны он үш жыл бойы басқарған. «Зеленая лампа» бағдарламасын жүргізіп, «Надежда» жастар шығармашылық тобын басқарған.
Бұдан кейін облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген.
1979-80 жж. «Октябрь» зауытының мұражайын ашты. Павел Васильев мұражайының ғылыми қызметкері, облыстық тарихи-географиялық қоғам жанындағы әдеби қызметкері болған.

Сергей Павлович Шевченкомен он бес кітап жазылған, соның ішінде «Наследство» романы, «Пушки грохотали далеко», «Сегодня вы увидите», «На краю света», «Да свершится», «Зимние каникулы» повесттері; Павел Васильев туралы «Будет вам помилование, люди» кітабы бар.

Сергей Шевченко «П.Васильев. Таңдаулы» кітабының құрастырушысы, көптеген телесценарийлер, очерктер, мақалалар т.б. авторы.
Жазушының «Халықтық білім үздігі», «Теледидар және радио үздігі», «Шахтер белгісі» (Екібастұз туралы очерктер сериясы үшін) наградалары бар.

Кітаптар

 Әдебиеттер

Сергей Павлович Шевченко // Литература Казахстана. Энциклопедический справочник. - Алматы, 2010. - С. 514.
Сергей Павлович Шевченко // Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. - Павлодар, 2003. - С. 633.
Сергей Павлович Шевченко // Павлодар. Энциклопедия. - Павлодар, 2008. - С. 379.
Сергей Павлович Шевченко // Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / авт.-сост. Э. Д. Соколкин. - Павлодар, 2016. - С. 478 - 479.

Пікірлер қалдыруы жабылған.