Кузнецова Зоя Владимировна

(1917-1999)

Кузнецова Зоя Владимировна - географ, өлкетанушы, Павлодар облысын зерттеуші Павлодар облысының экономикасы мен географиясын зерттеген ғалым З. В. Кузнецова Башқұрт АССР-нің Бирс қаласында 1917 жылы 2 мамырда туған. 1935 жылы педагогикалық техникумды, ал 1941 жылы ҚазМУ география факультетін бітірді. Алматы қаласында мектепте география сабағынан дәріс берді.

З. Кузнецова 1951-1963 жылдары ҚазКСР-нің ҒА-ның география секторында қызмет жасап, 1963 жылдан экономика институтында жұмыс істейді.
З. Кузнецованың 10-нан астам ғылыми еңбектері бар. Орыс тілінде “Павлодар облысы” атты кітабы жарық көрді.

Кітаптар

Әдебиеттер

Кузнецова Зоя Владимировна // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 398 - 399 б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.