Гапон Михаил Кондратьевич
(1926-2013)
Ұлы Отан соғысына қатысушы, өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері Михаил Кондратьевич Гапон 28 қаңтардың 1926 жылы Украинада дүниеге келген. 1943 жылға дейін теміршіде балташы болып жұмыс жасады, ауылшаруашылық техникумда оқыды. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды, Қиыр шығыста әскери іс – қимылдарға қатысты. Сахалин бригадасының 113 ату бөлімінің десантниктер взводының командиры болды. 1950 жылға дейін армияда қызмет етті. Армия қатарынан шыққан соң туған еліне аттанды. Чернигов облысы Нежин қаласында мәдени-ағартушылық техникумды сырттай бітірді. Чернигов облысы Сребнянс ауданының комсомолдық және партиялық органдарында қызмет етті. 1957-1962 жж. ауыл клубының директоры болды. 1962 жылы Павлодарға қоныс аударды. 1962-1968 жж. ЖЛКЖБ (ВЛКСМ) 25 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс қалалық саябағының директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен саябақ тек Қазақстанда ғана емес, Кеңес Одағында да ең үздіктердің біріне айналды. Саябақта аттракциондар, шолу дөңгелегі, планетарий, бильярд, би алаңы, балалар алаңы ашылып, көпшілік іс-шаралар жиі өткізілді. 1968 ж. М.К. Гапон Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайын басқарды.
М. К. Гапон жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша облыстық ардагерлер кеңесі комиссиясының мүшесі, Бейбітшілік қоры бюросының мүшесі болған. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін 20 жылға жақын уақыт тарих мен мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамында, өлкетану мұражайы директорының орынбасары болып, «Наш край» ардагерлер газетінің редакциясында қызмет етті. Облыс ардагерлер кеңесінің мүшесі, ардагерлер қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі.
М.К. Гапон мәдениет қызметкерлеріне «В помощь клубному работнику» (1970 ж.) құралын шығарды. «Путеводитель по памятным местам» (1969 ж.), «Путеводитель по музею» (1972 ж.), «Наши знатные земляки» (1971 ж.), «Их именем названы улицы города» (1975, 1985 жж.), «Кавалеры ордена Славы» (1985 ж.) өлкетану басылымдарын редакциялады. «Их имена увековечены» (2001 ж.) кітабын шығарды. Павлодар Ертіс өңірінің әйгілі адамдары туралы жиналған деректі мәліметтерді автор «Тебе, товарищ потомок» атты кітабында жазды. М.К.Гапон - көптеген өлкетану мақалаларының авторы.
Қызмет етіп жүрген кезінде Павлодар қаласының бес көшесі атақты жерлестеріміздің аттарымен аталуына қол жеткізді (Айманов (1984 ж.), Баймульдин (1975 ж.), Дерибас (1983 ж.), Жаяу Мұса (1984 ж.), Семенченко (1975 ж. көшелері). 1967-1969 жж. Павлодар қалалық кеңесінің депутат сайлуына қатысты.
Әдебиет
Гапон, М. К. Их имена увековечены. - Павлодар: ЭКО, 2001. - 56 с.
Гапон, М. К. Тебе, товарищ потомок. - Павлодар: Дом печати, 2008. - 179 с.
***
[Ұлы Отан соғысына қатысушы, мәдениет саласының ардагері Михаил Кондратьевич Гапон] // Сарыарқа самалы. - 2013. - 11 сәуір. - 23 б.