Багаев Дмитрий Поликарпович
(1884-1958)
Фотограф, өлкетанушы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы, аталмыш музейдің тұңғыш директоры.
Ол 1884 жылы 5 қыркүйекте Туман ауылында қазіргі Ресей Федерациясының Киров облысында дүниеге келген. Омскілік фотограф Коркиннің қысқамерзімдік курсын және Мәскеуде фотокурстар бітірген. 1905 жылы қалада алғашқы фотосалон ашады.
1912 жылы Тамбов фотографиялық қоғамының мүшелігіне қабылданады. 1915-1918 жж. әскерде қызмет етті.
Дмитрий Поликарпович ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысты. Қазақстан мен Ертістің Павлодар өңірі бойынша этнографиялық экспедицияларға қатысқан. «Қазақстанды зерттеу қоғамының» Павлодарлық бөлімімен белсенді жұмыс істеді.
1928 жылдан бастап аудандық және облыстық газеттердің беттерінде өлке тарихы бойынша мақалалар мен жазбалар, оның ішінде Коряков көлі, Екібастұз, Баянауыл, Майқайың туралы ірі мақалалар жариялады.
Д. П. Багаев өлкетанушы-зерттеуші ретінде түсірген суреттерінің бүтін сериясын ұрпаққа мұра ретінде қалдырды.
1942 жылы оның музей ашу туралы арманы орындалды. Багаев өмірінің соңына дейін осы музейдің тұңғыш директоры болып қызмет етті.
Қала мен облыстың жарты ғасырлық фототаспасын жасады, фотосуреттер саны 3000-нан асады.
Оның суреттерінде Ертістің Павлодар өңірінің маңызды тарихи оқиғалары бейнеленген - революция, аштық, ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тың игеру дәуірі. Ол портреттерді, пейзаждарды, халықтың тұрмысы мен репортажды сюжеттік суреттерді бірдей дәрежеде жақсы түсіруді меңгерген.
2001 жылы Багаевтың музей үйі ашылды. Тарихи және архитектуралық ескерткіш ретінде танылған үйде, үш экспозициялық зал, қазіргі уақытта тарихи құндылық болып табылатын отбасылық альбомдарға арналған портреттер жасалған фотопавильон орналасқан.
Д. П. Багаевтың жұмыстары тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс аймақтарға да жақсы таныс.
Уақыт өткен сайын оның фотосурет мұрасы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, оның құндылығын арттыра түсуде.
Әдебиет
Багаев Д. П. Таңдамалы фотосуреттері=Избранные фотографии фотосуреттерінің тізбесі=каталог избранных фотографий. – Павлодар: Profi, 2004. – 36 с.
Дмитрий Багаев: летописец Павлодарского Прииртышья / авт.-сост. В. Д. Болтина, Т. Е. Покидаева, Л. В. Шевелёва. – Павлодар: Типография Сытина, 2017. – 739 с.
Уақытты кестелеген суреттер=Запечатлённое время=Imprinted time: кітап-альбом=книга-альбом=book-album. - Павлодар: ЭКО, 2018. – 503 с.
***
Аяшинов Д. Тарихы терең фотопортрет: [Белгілі павлодарлық фотограф Д. Багаевпен түсірілген фотосуретегі Бүркітбаевтар әулеті жайлы] // Saryarqa samaly. – 2022. – 9 сәуір. – 10 б.
Дмитрий Поликарпович Багаев: [өлкеміздің белгілі фотосуретшісі Д. П. Багаев жайлы] // Сарыарқа самалы. – 2015. – 24 қаңтар. – 6 б.
Жәрімбет Н. Багаевтан қалған бағалы шежіре: [Қостанайдағы облыстық тарихи- өлкетану музейінде павлодарлық фотограф-өлкетанушы Д. Багаевтың көрмесі ашылды] // Egemen Qazaqstan. – 2019. – 26 маусым. – 12 б.
Мақажанова Қ. Уақытты кестелеген суреттер: (фотошежіреші Д. П. Багаевтың мұрасы туралы) // Saryarqa samaly. – 2019. – 2 қараша. – 7 б.
Нұрахметова Г. Өлке тарихының айнасы: [Павлодар облысының мұражайлары туралы] // Мәдени мұра. – 2011. – № 4 (шілде - тамыз). – 39 – 46 б.
Оқасова Б. Фотошежіреші: [Дмитрий Поликарпович Багаевтың туғанына - 130 жыл] // Сарыарқа самалы. – 2014. – 22 шілде. – 12 б.
Хашымқызы Қ. Көне суреттер үндестігі: [Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашылған көрмеге Румынияның алғашқы фотографы Самоилэ Мырза мен павлодарлық тұңғыш фотограф Д. Багаев түсірген жұмыстары қойылған] // Saryarqa samaly. – 2019. – 19 қазан. – 12 б.
Хашымқызы Қ. Сыр бүккен суреттер: Фотошежіресі Д. Багаевты еске алу шарасы өтті // Сарыарқа самалы. – 2014. – 30 шілде. – 20 б.
Хашымқызы Қ. Фотожылнамашы: Д. Багаев музей-үйіне - 30 жыл // Saryarqa samaly. – 2021. – 23 қаңтар. – 12 б.