Хазыров Бикбулат Манняпович

(1926 - 2021)

Тарихшы, өлкетанушы, жазушы, Ұлы Отан соғысының қатысушы. Ресей Федерациясы, Түмен облысы, Вагай ауданында 15 шілде 1926 ж. туған. Алматы шекарашылар училищесін және Орджоникидзе қаласындағы командалық училищесін (1948), Павлодар зооветеринарлық техникумын және КОКП ОК ЖПМ жанындағы курсты  бітірген. 1944 жылдың ақпан айында майданға шақырылды. Жапониямен болған соғысқа және Балтық маңында ұлттық жасақтармен әскери іс – қимылдарға қатысқан. 1949 жылға дейін әскер қатарында болды. 1949 жылдан бастап Павлодарға қоныс аударды. 1949-1954 жж. Павлодар қалалық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, комсомол облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі, партия облыстық комитетінің жаттықтырушысы қызметтерінін атқарған. 1954-1986 жж. – Павлодар облыстық атқару комитетінің ұйымдастыру – жаттықтыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы. 

 

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін публицистикамен айналысты. Газеттерде, журналдарда, ұжымдық басылымдарда жарияланады. Оның басшылығымен 1965-1985 жылдары Павлодар облысының әкімшілік-аймақтық бөлінісі туралы 5 анықтамалық жарық көрді. 

 

«Они защитили Ленинград», «Трудными дорогами войны», «Горький след жестокого времени», «Жить в согласии», «Чтобы помнили», «Черный тюльпан», «Ақ мечеть», «В жизни всякое бывает...», «След на земле», «Жизнь прожить-не поле перейти»,  «Жизнь прожить...», «Люди несгибаемой воли», «Путь достойный почитания», «Павлодарские татары: судьбы и свершения» кітаптарын жазды. Павлодар облысының «Боздақтар» естелік кітабының үш авторларының бірі. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Неразделимы судьбы Отчизны и ее сыновей и дочерей» атты кітабы жарық көрді.

 

Б.М. Хазыров ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Құрмет белгісімен», жиырмадан аса медальдармен марапатталған. Павлодар облысы әкімі грантының, шығармашылық зиялылар өкілдеріне берілетін Павлодар қаласы әкімінің сыйлығы, ҚР Журналисттер кеңесінің және үш рет облыстық филиалдың лауреаты болып табылады. Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Кітаптар

 

Әдебиет

Хазыров Б. Они защитили Ленинград. - Павлодар, 1991. - 43 с.
Хазыров, Б. М. Трудными дорогами войны: документальные очерки / Б. М.       
Хазыров. - Павлодар, 1994. - 114 с.                                                   
Хазыров, Б. М. Горький след жестокого времени: документальное повествование  
/ Б. М. Хазыров. - Павлодар: ЭКО, 1998. - 192 с.  
Хазыров, Б. М. Жить в согласии / Б. М. Хазыров. - Павлодар: ЭКО, 2001. - 255 с.
Хазыров, Б. М. Чтобы помнили / Б. М. Хазыров. - Павлодар: ЭКО, 2004. - 216 с.
Хазыров, Б. М. Чёрный тюльпан: книга памяти о воинах-павлодарцах, погибших  
в афганской войне / Б. М. Хазыров. - Павлодар: ИП "Сытина Е. А.", 2006. - 353 с.  
Хазыров, Б. М. Ак мечеть / Б. М. Хазыров. - Павлодар: ЭКО, 2006. - 42 с. 
     Хазыров, Б. М. В жизни всякое бывает..: рассказы / Б. М. Хазыров. - Павлодар: ЭКО, 2006. - 64 с.                                                                    
Хазыров, Б. М. След на земле: очерки и рассказы / Б. М. Хазыров. - Павлодар: 
ЭКО, 2008. - 305 с.                                                                 
Хазыров, Б. М. Жизнь прожить-не поле перейти / Б. М. Хазыров. - Павлодар: ЭКО,
2008. - 132 с.                                                                                          
Хазыров, Б. М. Жизнь прожить... / Б. М. Хазыров. - Павлодар: ЭКО, 2011. - 251 с.                                                                                      
Хазыров, Б. М. Люди несгибаемой воли / Б. М. Хазыров. - Павлодар: Типография 
Сытина, 2012. - 210 с.                                                       
Хазыров, Б. Неразделимы судьбы отчизны и её сыновей и дочерей: рассказы / Б.
Хазыров. - Павлодар: Типография Сытина, 2015. - 191 с.                              
              Боздақтар: естелік кітап=книга памяти. Т. 1 - 6: Павлодар облысы=Павлодарская    
область. 

 

***


Хазыров Бекболат Манапұлы // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. – 714 - 715 б. 


***


Хашымқызы, Қ. Қаһарман қаламгер: [өңірге белгілі жазушы Б. Хазыров 90 жасқа 
толды] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2016. - 21 шілде. - 6 б.                        
Хашымқызы, Қ. Ардагер ғұмыры - өнеге: [Тұңғыш Президент күніне орай аймақ   
басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Б. Хазыровтың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2018. - 1 желтоқсан. - 2 б.                
Сахаба Т. Ғасырға таяған Хазыров: [тарихшы, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Б. Хазыров жайлы] / Т. Сахаба // Saryarqa samaly. - 2020. - 21 сәуір. - 6 б.